• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2024

Әскери міндетті азаматтар Жайық жағалауын бекітуге шақырылды

110 рет
көрсетілді

Атырауда әскери міндетті азаматтар Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмысына шақырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, әскери міндетті азаматтарды 20 сәуірде жағалауды бекітуге шақыру басталған.   

«Аумақтық қорғаныс батальонының бригадасына Атырау қаласы мен 7 ауданнан әскери міндетті 78 азамат шақырылды. Оларға Атырау қаласындағы Жайық өзенінің оң жағалауы бөлініп берілді. Бұл аумақта бұрын еріктілер бөгет көтерген еді. Қазір әскери міндетті азаматтар сол бөгетті биіктету, нығайту жұмысына жұмылды. Олар 29 сәуірге дейін бөгетті бекітуді жалғастырады», деді батальон командирі Руслан Спанов.