• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Сәуір, 2024

Ақмолалық құтқарушылар отқа оранған қоймадан итті алып шықты

55 рет
көрсетілді

Кеше, 22 сәуірде Заводская кентіндегі «Сантик» ЖШС ұйымының аумағында қойма өртеніп, жалын 500 шаршы метрді шарпыды. Тілсіз жау 2 сағаттың ішінде жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға орнына жеткен төтеншеліктер отқа оранған қойма аумағында шынжырға байланған ит қалып қойғанын байқаған. Өрттен қорқып қалған ит оны құтқарғысы келген өрт сөндірушілерді жанына да жақындатпады.

Әріптестері жалынмен арпалысып жатқан уақытта 3-МӨСБ бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау сержанты Шалқар Шәкіров шынжырды қабырғадан жұлып алып, итті босатқан.

Ақмола облысы ТЖД қызметкерлерінің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында құрбандар мен зардап шеккендер анықталмады.