• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 23 Сәуір, 2024

Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

56 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, сейсенбі, 23 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады. Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қардың қарқынды еруіне байланысты өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Тас жолдарды, елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарды су басуы мүмкін.