• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2024

Болат Өтемұратов Ақтөбе облысының тұрғындарына 10 млрд теңге бөлді

232 рет
көрсетілді

Болат Өтемұратов қоры көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына кезекті 10 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

 

Қаражат өмірлік маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдарға үй сатып алуға және оларды салуға бағытталады.

 «Су басу аймағындағы өңірлерде болып жатқан төтенше жағдайды қатты күйзеліп, қадағалап отырмын. Апаттың ауқымы өсуде, адамдарға шұғыл көмек қажет. Біз барлық күш-қуатымызды жұмсап, оларды қолда бар ресурстармен қамтамасыз етуді жалғастыра береміз. Президент қиыншылыққа тап болған мыңдаған отандастарымыз үшін қауіпсіздік пен ертеңгі күнге деген сенімділіктің кепілі бола отырып, алдыңғы қатарда тұр және оның шешімдері әрқашан біздің тарапымыздан қолдау табады», деді Өтемұратов.

 Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірде қазақстандық кәсіпкердің қоры су тасқыны салдарымен күресуге және табиғи апаттан зардап шеккендердің бірінші кезектегі мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге 680 миллион теңге бөлді.