• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Сәуір, 2024

Ұландық курсанттар Петропавлдың ауызсуға арналған станциясын қорғап қалды

123 рет
көрсетілді

Ұлттық ұлан академиясының 400 курсанты су тасқынына байланысты Петропавл қаласы аумағындағы маңызды нысандарды судан қорғау жұмыстарына жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Академияның 400 әскери қызметшісі және 19 техникасы Петропавл қаласының елді-мекендеріндегі (Ольшанка ауылы, Бескөл к., Горводоканал, Пестрый көлі, Лесхоз) су тасқынына қарсы жұмыстарды атқаруға белсенді қатысып жатыр», деді Ұлттық ұлан Академиясының бастығы полковник Артур Тоқышев.

20 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін Академияның курсанттары СҚО-ның Прибрежный, Кожевенный, Ольшанка, Заречный, Бескөл елд мекендерінде, сондай-ақ Петропавл қаласының шеткі аймақтарындағы Солнечный, Береке, Подгара, Рабочий ықшам аудандарында су тасқынын болдырмау және апаттың салдарын жою жұмыстарын атқарып жатыр.

Сонымен қатар Ұлттық ұлан курсанттары, сарбаздары мен Қорғаныс министрлігі жауынгерлері Петропавл қаласының «Қызылжар су» ЖШС-нің ауызсуға арналған сорғы станциясын тасқын қаупінен қорғау үшін тосқауыл қою жұмысын түнгі уақытта кірпік ілместен тынымсыз атқарды. Қолданылған тиісті шаралар мен курсанттардың жанқиярлық еңбегінің нәтижесінде қала тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылды.