• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.29
  • EUR:
    613.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Сәуір, 2024

Дубайда қатты жауын: Air Astana рейстері ертеңге қалдырылды

227 рет
көрсетілді

Дубай қаласында қатты нөсерлі жауын салдарынан әуе айлақты су басып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған байланысты KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 16 сәуірден 17 сәуірге ауыстырылды.

Әуе компания жолаушыларды қонақ үйге орналастыру және тамақтандыру үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Рейстердің мәртебесін әуе компанияның ресми сайтынан тексеруге болады.