• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Сәуір, 2024

Елімізде азық-түлік бағасы қымбаттады – Ұлттық статистика бюросы

151 рет
көрсетілді

Қазақстанда кейбір азық-түлік түрлерінің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы былайша өзгерген.

Бағасы өскендер: бірінші сұрыпты ұн – 0,9%, сары май – 0,3%, тауық еті (сан еті) – 0,5%, сәбіз – 1,4%, қант – 1,1%, тұз – 0,1%.

Арзандағандар: макарон өнімдері – 0,2%, күріш – 0,4%, қарақұмық – 1,2%, күнбағыс майы – 0,1%, жұмыртқа - 0,5%, картоп – 0,5%, пияз – 5,3%, қырыққабат – 0,8%.