• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қылмыс 13 Сәуір, 2024

Ақмола облысында өзгенің шотындағы ақшаны иемденген күдікті ұсталды

92 рет
көрсетілді

Ақмола облысында өзгенің шотынан заңсыз ақша иемденген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында полиция бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты.

Былтыр қарашада жергілікті тұрғын Қосшы қаласының полиция бөліміне банк қосымшасынан ақша ұрланғаны туралы арызбен жүгінген. Ер адам карточкасынан 15-21 қыркүйек аралығында белгісіз адам 805 мың теңге сомасында ақша шешіп алғанын айтқан.

Ұрлық жасалған уақыт аралығында жәбірленуші көшеде белгісіз адаммен кездейсоқ танысып, онымен алкоголь ішкені анықталған. Отырыс барысында жәбірленуші бейтаныс адамға банктің қосымшасына кіру кодын айтып, ұйықтап қалған, кейінірек ол шоттағы ақшасының жоғалып кеткенін анықтады. Ұрлық жасады деген күдікпен Астана қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам алкогольді бірге ішкен кезінде жәбірленуші ұйықтап қалғанын мойындады, содан кейін ол ақшаны өз шотына аударып алған.

Осы дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша соталды тергеу бастады.