• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Сәуір, 2024

Бейнеу ауданында мектептер қашықтан оқыту форматына көшеді

79 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданындағы 15 мектепте Атырау облысының Жылыой ауданынан келген тұрғындарға арналған эвакуациялық пункттердің орналасуына байланысты, сабақ дәстүрлі форматтан онлайн форматқа ауысады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Жүргізілген шараның басты мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аталған 15 мектепте барлығы 16 039 бала оқиды.

«Қашықтан оқыту сабақтары ZOOM желісі арқылы өтеді. Мұғалімдер сабақты жұмыс орындарына келіп өткізеді. Бұндай тәжірибе бізде бұрыннан бар, қиындық тудырмау керек», деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.

Онлайн оқыту форматы 8-12 сәуір аралығына жүргізіледі. Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланады.

Маңғыстау облысы