• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2024

Құлсарыдан «Теңіздегі» вахталық қалашыққа 6,5 мыңнан астам адам көшірілді

106 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы Құлсары қаласының тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Екі күнде «Теңіз» кен орнындағы вахталық қалашыққа 6,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

«Теңіздегі» қалашыққа орналасқандардың дені – балалы әйелдер мен қарттар.

Тұрғындар ыстық тамақ, медициналық көмекпен қамтамасыз етілген. Балаларға ойыншықтар мен бояулар таратылған.

«Біз өзімізді үйдегідей сезініп жүрміз. Асханадағы тамақтың дәмі ұнады. Мейрамханадағы тамақтарды таңдауға болады. Балалар далада ойнауға шықса, оларды қалашықтың күзет қызметкерлері қадағалайды», дейді Мақпал Шахарбаева.