«Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

6 сәуірде Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, 6-7 сәуірде Алматы облысында, 8 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.