• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2024

Су тасқыны: Бесқоспа ауылынан 200 адам көшірілді

78 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысындағы Мағаджан су қоймасы бөгетінің бұзылуынан аталған бөгетті жағалай орналасқан елді мекендерді су басу қаупі болғандықтан Алға ауданына қарасты Бесқоспа ауылы тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары Ұлттық ұланға қарасты Ми-171Е тікұшағына отырғызылып, Бесқоспа ауылынан Бестамаққа жеткізіліп жатыр. Азаматтар Бестамақ ауылының мәдениет үйіне автобуспен апарылды. Сағат 13:30-дағы ақпаратқа сәйкек, автобус 6 рет рейс жасаған (200 ересек, оның ішінде 80-і бала).

Хабарламада: «Эвакуация кезінде барша тұрғындардан құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан айтылатын хабарландыру, ескертулерге құлақ асып, қажетті құжаттарыңызды алып, үйлеріңізді босатуларыңызды сұраймыз», делінген.