• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 04 Сәуір, 2024

Синоптиктер елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

53 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің жеті өңірінде қолайсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Синоптиктердің айтуынша, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Атырауда да түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанайда да түнде және таңертең тұман болады.

 

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде - тұман. Петропавлда да түнде және таңертең тұман түседі.

Болжамға сәйкес, күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, қатты жел тұрады. Найзағай кезінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнап, қатты жел тұрады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі деп болжанады. Павлодарда да түнде және таңертең тұман түседі.