• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Сәуір, 2024

Алматы тұрғынын соққыға жыққан күдікті қолға түсті

56 рет
көрсетілді

Алматыда белгісіз біреу жас жігітті ұрып-соққан, тағы екінші азамат оқиғаны видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Жергілікті полиция қатігездікке бой берген екі күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz хабарлағандай, зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.