• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Сәуір, 2024

«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы ұсталды

100 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды. «Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», делінген ресми хабарламада.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялануға жатпайды.