• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Тағайындау 02 Сәуір, 2024

Елорда әуежайына жаңа басшы тағайындалды

274 рет
көрсетілді

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы болып Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан Үкіметінің келісімі бойынша Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, Ерғазы Әбірұлы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Emirates, British Airways, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында жоғары лауазымдарда қызмет атқарған.