• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Қаржы 02 Сәуір, 2024

Су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуға қанша қаражат бөлінеді?

188 рет
көрсетілді

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен халыққа үй салуға қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, қазір әкімдіктер зардап шеккен үйлердің есебін жүргізіп жатыр.

«Біз жергілікті бюджеттен, одан кейін республикалық бюджеттен қаражат бөлетін боламыз. Қазір бір үйдің құнына 22 миллион теңге бөлдік. Бұл бір үйге 80 шаршы немесе 2 бөлмелі пәтердің құны. 1 шаршы метр үшін 281 мың теңге. Болашақта біз бюджеттен осы құнға қарай қаражат бөлетін боламыз. Әзірге бізде үйлердің нақты саны жоқ», деді Қ.Шарлапаев.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті