• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Заң 02 Сәуір, 2024

Ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан екі азамат сотталды

74 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Астрахан ауданында ұзақ уақыт бойы мал ұрлығымен айналысқан екі азамат соттталды, деп жазады Egemen.kz.

Қылмыскерлер жымысқы ойын күндіз жайылымдағы малды бақылап, түнде қорадан ұрлау арқылы жүзеге асырып келген.

Бірнеше айға жалғасқан заңсыз әрекеттерінен Целиноград, Астрахан және Атбасар аудандарының 8 тұрғыны зардап шекті.

Аудандық сот ұсталған азаматтарды мал ұрлығы бойынша (ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі) кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар екі азаматтың біреуіне тиесілі қылмыс құралы болып танылған «УАЗ» маркалы автокөлігі тәркіленді.