• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Сәуір, 2024

«Ішінде адамдар болған»: Алматыда троллейбус өртеніп кетті

797 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 8-де Сәтпаев пен Байтұрсынов көшелері қиылысында троллейбус жанып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минуттан кейін келген. Бұған дейін жолаушылар салоннан шығып үлгерген.

«Жанып кеткен автобусты сөндіру үшін қажетті шаралар қабылданды. Өрт 08:10-да оқшауланып, 08:15-те жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді ТЖД.