• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2024

Мектеп шатырындағы қарды күреп жүріп құлаған ер адам көз жұмды

69 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында мектептің шатырын қардан тазартып жүрген ер адам құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

СҚО білім басқармасының мәліметінше, оқиға Ғабит Мүсірепов ауданының Сокологоровка орта мектебінде болған.

Сағат 12:00 шамасындашаруашылық меңгерушісі мен жұмысшы мектеп шатырының қарын түсіруге мінген.

Шамалыдан кейін 62 жастағы шаруашылық меңгерушісі оқыста төбеден құлаған.

Ер адамның кенеттен қайтыс болуына жүрек ауруы себеп болған.

Өлім туралы медициналық куәлікте ер адамның миокард инфарктін алғаны көрсетілген.