• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Тағайындау 28 Наурыз, 2024

Асхат Оралов жаңа қызметке кірісті

54 рет
көрсетілді

Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экс-министрінің жаңа қызметі туралы ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады.

2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін Талғат Жақан атқарып келді.

Асхат Оралов 1990 жылы 10 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмәмдаған.

Ол 2023 жылдың 4 қаңтары мен қыркүйек аралығында Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Өткен жылдың күзінде Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес қызметінен босатылған еді.