• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Наурыз, 2024

«Ұлы жібек жолы» турнирі: Бүгін 5 боксшымыз алтынға таласады

125 рет
көрсетілді

27 наурызда Әзербайжан елінің бас қаласы Бакуде бокстан өтіп жатқан халықаралық турнирде Астана уақытымен сағат 16:30 - 19:45 аралығында жартылай финалда жұдырықтасқан 4 боксшымыз да жеңіске жетіп, байрақты бәсекенің финалына шыққан еді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан бокс федерациясынан мәлім болғандай, 48 келі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов ресейлік Адам Алиевті ұтты. 54 келіде Тимур Қабдешов ресейлік Максим Кузнецовті жеңді. 60 келі салмақ бойынша Талғат Сырымбетов өзбек боксшысы Бахтиер Асадовтан басым түсті. 71 келі салмақтағы Дархан Дүйсебай ирандық Касра Тахмасевимен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңімпаз деп танылды. 

Осыған дейін Сағындық Тоғамбай аталған бокс додасының финалына шыққан еді.

Бүгін аталған 5 боксшымыз алтынға таласады.

Тікелей эфирді мына арнадан көре аласыздар.