• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2024

Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланды

74 рет
көрсетілді

Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті, деп жазады Egemen.kz Аудан әкімдігінің ресми телеграм каналына сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған. Сонымен қатар, басқа айналма көлік жолдары арқылы елді-мекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.Полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырылған.«Халықты Аягөз өзені арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді, олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен өткелдік жұмыстарды жүзеге асыратын болады. Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жариялады», делінген хабарламада.