• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Наурыз, 2024

Алматыдан 267 шақырым жерде жер сілкінді

54 рет
көрсетілді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты СОМЭ ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 2024 жылғы 26 наурызда сағат 17:29-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,1. MPV магнитудасы - 4.2. Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша 41,12°. 78,51° шығыс Тереңдігі - 10 км.

MSK-64 шкаласы бойынша Қазақстан аумағында сезілмеген.