• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Футбол 21 Наурыз, 2024

Геннадий Головкин футболдан ел құрамасын қолдау үшін Афиныға барды

38 рет
көрсетілді

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афиныға (Грекия) ұшып барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰОК басшысы Грекия астанасына Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен келген. Геннадий Головкин Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өтетін Грекия-Қазақстан матчын тамашалайды.

Ол құрама үшін маңызды матчта футболшыларға трибунадан қолдау көрсетпек.

Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жалғастыру үстінде. 

Қазақстан Грекия құрамасын жеңсе плей-офф финалда ойнауға мүмкіндік алады. Еуроға жолдаманы жеңімпаз команда иеленеді. Грекияға қарсы матч бүгін Астана уақытымен 00:45-те басталады.