• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Елорда 20 Наурыз, 2024

Астанаға 40 жаңа автобус жеткізіледі

74 рет
көрсетілді

Алдағы күндері елорданың қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамы 18 метрлік жаңа 40 автобуспен толығады. Автобустардың бірінші легі 21 наурызда жеткізіледі. Бұл туралы Egemen.kz CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сәуір айында ресімдеу, қабылдау, жабдықты орнату, жүйеде тіркеу, жүргізушілерді бекіту рәсімдерінен өткеннен кейін автобустар қала бағдарларына қосылады.

Қоғамдық көлік жұмысын жақсарту бойынша жұмыстар ары қарай да жалғасады.