• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Наурыз, 2024

«Ұлы жібек жолы» турнирі: Қазақ боксшылары 11 салмақ бойынша жұдырықтасады

59 рет
көрсетілді

Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан наурыздың 23-і күні басталып, бір аптаға созылатын «Ұлы жібек жолы» халықаралық турниріне Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан бокс федерациясының мәлім етуінше оннан астам елден 100-ден аса боксшы қатысатын байрақты бәсекеде боксшыларымыз 11 салмақ бойынша шаршы алаңға шығады: 48 келі: Теміртас Жүсіпов 51 келі: Дамир Әбдіқадыр 54 келі: Тимур Қабешов 60 елі: Талғат Сырымбетов 63,5 келі: Серік Теміржанов 67 келі: Бақтияр Смағұлов 71 келі: Дархан Дүйсебай 75 келі: Тимур Нұрсейітов 86 келі: Бекзат Таңатар 92 келі: Сағындық Тоғамбай 92+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев Жаттықтырушылар: Мырзағали Айтжанов, Марат Жақиев, Азамат Мақажанов, Нұржан Насанов.