• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.92
  • EUR:
    475.36
Басты сайтқа өту
Бокс 19 Наурыз, 2024

Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі тағайындалды

78 рет
көрсетілді

Жалғас Түкешов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

 

Жалғас Түкешов бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, кейінгі 10 жылда әуесқой бокста бапкер, кәсіпқой бокста промоутерлік қызмет етіп, елімізде бокс кештерін ұйымдастырумен айналысады.

Өткен айда Қазақстан бокс федерациясы президенті тізгінін Шахмұрат Мүтәліп ұстаған еді. Бұған дейін федерацияны Кеңес Рақышов басқарды.

Сондай-ақ бокстан Сидней Олимпиадасының күміс медаль иегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті лауазымына тағайындалды.