• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Наурыз, 2024

Қазақстанның төрт семсершісі Париж жолдамасына таласады

54 рет
көрсетілді

Грузия елінің бас шаһары Тбилисиде шпагамен семсерлесуден әлем кубогі кезеңі өтеді. Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім еткендей, аталған кезеңде 60-тан астам елден жиналған спортшылар рейтингтік ұпай мен Олимпиада жолдамасы үшін тартысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан сапынан қатысатын 12 спортшының ішінен төрт спортшы жолдамаға таласады. Олар: Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов төрттігі.

Наурыздың 22-23 күндері шпагадан жекелей сын бойынша жеңімпаздар анықталса, 24 наурызда командалық жарыстан Олимпиада жолдамасының тағдыры шешіледі.

Аталған әлем кубогі кезеңінде отандастарымыз лицензияға қол жеткізетін болса, Қазақстанға Париж Олимпиадасының төрт жолдамасы беріледі. Оның үшеуі жекелей сынға, біреуі тұтас командаға табысталады.