• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2024

Наурыз мейрамында Ақтау тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді

49 рет
көрсетілді

Ақтау тұрғындары 22 наурыз күні қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мұның тек қалалық бағыттарға ғана қатысты екенін түсіндірді, яғни №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 бағыттағы автобустар. Қоғамдық көліктер бұл күні әдеттегі кесте бойынша таңғы 6:40-тан 21:00-ге дейін қатынайды.

Айта кетейік, биыл Наурыз мейрамында ел азаматтары бес күн демалады – 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз. Ұлыстың ұлы күні наурыздың 21-і мен 23-і аралығында тойланады. 23 наурыз сенбіге сәйкес келгендіктен, дүйсенбі, яғни 25 наурыз демалыс күні болып саналады.