• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Тағайындау 18 Наурыз, 2024

Қаржы вице-министрі тағайындалды

57 рет
көрсетілді

Үкімет қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Әсет Нұрланұлы Тұрысов 1987 жылы дүниеге келген. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2017 жылы «Нархоз» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да бастаған.

2010-2011 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ электр байланысы инженері.

2011-2012 жылдары – Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті «электрондық үкіметті» дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы.

2012-2014 жылдары – Көлік және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің жобалық құжаттаманы талдау және ақпараттандыру жаңа моделін қалыптастыру бойынша сарапшы, бас сарапшы.

2014 жылы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК басқарушы директоры.

2014-2017 жылдары – «Қазпошта» АҚ құрылымында жұмыс істеді. 

2018-2021 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 

2021 жылдан қазірге дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды.