• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Елорда 17 Наурыз, 2024

Астанада шұғыл медициналық көмек көрсететін 5 орталық ашылады

68 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада ашылатын 5 шұғыл көмек көрсететін медициналық орталық жобасымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

«Жоба шұғыл медицина, инсульт проблемалары, күрделі акушерлік, полижарақат және трансплантология бойынша 5 республикалық үйлестіру орталығын құруды көздейді.

Сонымен қатар 27 бейіні бар 7 клиникалық орталықты, оның ішінде акушерлік орталығы, нейроорталықты, кардиоорталықты, полижарақат, ішкі аурулар, хирургия және септикалық хирургия орталықтарын құру жоспарланып отыр.

Жаңа аурухана еліміздің азаматтарына медициналық сараптама мен денсаулық сақтаудың нағыз орталығына айналады», делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.