• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қылмыс 15 Наурыз, 2024

Халықаралық іздеуде болған күдікті Чехиядан экстрадицияланды

38 рет
көрсетілді

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен «Ж» есімді күдіктіні аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Чехиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас Прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдегендей, ол 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге халық тұтынатын тауарларды Қазақстаннан Ресейге тасымалдау қызметін ұсынып, одан кейін алдау арқылы жәбірленушінің 19 миллион теңгеге жуық тауарын иемденіп, оны басқа тұлғаларға сатып, ақшасын жымқырған деген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін жасырынуына байланысты күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Осы жылдың қаңтар айында ол Чехияда ұсталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталушының мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.