• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Теннис 11 Наурыз, 2024

Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасымен сынға түседі

35 рет
көрсетілді

Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандасымыз үшінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен кездесіп, жеңісті жұлып алды. 

Путинцева екі сетте де қарсыласынан озды. Есеп – 6:4, 6:1.

Енді Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің бірінші ракеткасы, Польша теннисшісі Ига Швентекпен сынға түседі.