• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әскер 11 Наурыз, 2024

Үш облыс аумағында әскери техникалар жүріп өтеді

127 рет
көрсетілді

Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде наурыздың 11-19 күндері аралығында Қарағанды облысы аумағында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтіп, Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстары аумағында күштер мен құралдардың қозғалысы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс минстрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомство мәлімдемесінде: «Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер полигондарға темір жол, әуе, автомобиль көлігі арқылы аралас тәсілмен марш жасайды. Кейін тұрақты орналасу пункттеріне оралады. Аталған кезеңде өңірдің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін хабарлайды. Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан  оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», делінген.