• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Наурыз, 2024

Қазақстанның қыздар құрамасы үздік үштікті түйіндеді

65 рет
көрсетілді

Түркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық «Yasar dogu&vehbi emre» турнирінде еліміздің қыздар құрамасы жалпы командалық есепте 133 ұпаймен үшінші орын алды. Команда қоржынында 2 күміс, 4 қола бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел құрамасынан күміс медаль алған балуандар: Ирина Кузнецова (62 келі) және  Эльмира Сыздықова (76 келі).

Құрама сапындағы балуандардан қола жүлде алғандар: Эмма Тисина (57 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Елена Шалыгина (68 келі), Шамшиябану Тастанбек (72 келі).