• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Наурыз, 2024

Өрттен күзетші зардап шекті

77 рет
көрсетілді

9 наурызда сағат 02:26-да Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында 100 шаршы метр алаңда техниканы сақтауға арналған шағын бөлмеде өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 4 құтқарушы және 1 бірлік техникасы, сондай-ақ Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 14 құтқарушы және 3 бірлік техникасы дереу жөнелтілген.

Өрт сөндірушілер кәсіби  әрекеттерімен өрттің газ-жанармай құю станциясының моноблогына таралуына мүмкіндік бермеді, сондай-ақ 2 камазды, 2 тиегішті, 1 газ тасымалдағышты өрттен құтқарды, 10 газ баллон шығарылды.

«Өрт сағат 03:24-те оқшауланды, сағат 03:54-те жойылды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін күзетші Астана қаласы №1 ауруханаға жеткізілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.