• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Наурыз, 2024

Шымкентте жүк пойызы жас жігітті басып кетті

131 рет
көрсетілді

Шымкентте жүк пойызы жас жігіт қағып кетті. Оқыс оқиға 8 наурыз күні болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оtyrar.kz сайтының жазуынша, Жиделібайсын көшесінде жүк пойызы жас жігітті қағып кеткен.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, 18-20 жас аралығындағы жігітті пойыз 20-30 метрге жерге сүйреп кеткен.

Көліктегі полиция департаменті аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқандығын мәлімдеді.

«Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды», делінген ведомство ақпаратында.