• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Наурыз, 2024

Ақтауда 73 көпбалалы ана «Күміс алқа» иегері атанды

192 рет
көрсетілді

8 Наурыз мерекесіне орай, Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған іс-шарада қала әкімінің орынбасары Нұртас Сәли мереке иелерін құттықтады. Іс-шарада 73 көпбалалы анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта Ақтау қаласында 10 мыңға жуық көпбалалы ана тұрады.

2024 жыл басталғалы бері қалада 41 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 106 көпбалалы ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталған.