• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Наурыз, 2024

Ерекше құттықтау погондағы ханымдарға мерекелік көңіл-күй сыйлады

78 рет
көрсетілді

Павлодар облысы полицейлері әріптестерін 8 наурыз мерекесімен құттықтау іс-шарасында «Блонди» есімді ит өз үлесін қосқан екен. Аталған ерекше жайтты Polisia.kz сайты мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.

Ол арнайы команда бойынша погондағы ханымдарға жақындады, сүйкімді иттің қабырға тұсында гүлдер болған. 

Аталған ерекше құттықтау ханымдарды қатты қуантқан. Жағымды бонус ретінде қызметкерлер онымен бірге фотоға түсті.

«Блонди» 7 жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етеді, ол оқиға орнында иісті индификациялау бойынша өз ісінің маманы. Жақсы көру, есту, физикалық күш, төзімділік және қорғаныс реакциясы бар.