• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.92
  • EUR:
    475.36
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Наурыз, 2024

Елордада бұрымдылар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді

58 рет
көрсетілді

Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласында ат спортынан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елдің түкпір-түкпірінен жиналатын бұрымдылар 8 наурыз күні «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды.

Олар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі:

№ 1 маршрут «Ашық класс санаты»; № 2 маршрут «Жастар санаты»; № 3 маршрут «Әуесқойлар санаты»; № 4 маршрут «4 жасар жас жылқылар санаты»; № 5 маршрут «5 жасар жас жылқылар санаты»; № 6 маршрут «6 жасар жас жылқылар санаты».

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 6 млн теңге.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Жарыс сағат 10:00-де «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде басталады.