• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Наурыз, 2024

Ақтөбелік полицей Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

53 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысы полиция департаменті тергеушісі Ғафур Рамазанұлы Азия чемпионатында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әр елден 200-ден астам спортшы қатысқан грэпплингтен Азия чемпионаты Ақтөбе қаласында өтіп, 92 келі салмақ бойынша Ғафур Рамазанұлы жартылай финалда қола жүлдеге қол жеткізді.  

Ол – спорттың аталған түрі бойынша екі жыл бұрын ғана жаттығып бастаған екен, бұған дейін еркін күреспен шұғылданған.

Оның алғашқы маңызды халықаралық бастамасы – осы Азия ашық чемпионаты.