• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Ауа райы 04 Наурыз, 2024

Бұрқасын, көктайғақ. Ертең өңірлерде ауа райы қандай болады?

539 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 5 наурыз күні Қазақстанның 8 аймағында қолайсыз ауа райы болатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

5 наурыз күні Павлодар облысы аумағында бұрқасын жүріп, тұман түседі. Облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел тұрып, көктайғақ болады.

Қостанай облысында тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі деп болжанып отыр.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады таңертең және күндіз екпіні - 15-18 м/с жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болатыны айтылды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.