• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Наурыз, 2024

Бағдат Мусин туған күніне орай балаларынан ерекше сыйлық алды

440 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде туған күніне орай балаларынан қандай сыйлық алғанын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

3 наурызда министр 41 жасқа толды. Балалары әкесінің туған күніне орай тосын сый дайындаған. Олар оның кішкентай кезінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі суреттерінен тұратын фотоальбом ұсынған.

«Отбасым — тірегім, берік іргем. 41 жасыңда өзіңді толық бақытты адам сезіну қандай ғажап! Себебі, менде олар бар - ең жақын жандарым. Қандай жағдай болмасын қолдап жүретін отбасым барда менің көңілім тоқ. Таңнан бері құттықтап жатқан барша жанға алғысым шексіз!», деп жазды Бағдат Мусин.