• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Наурыз, 2024

Александр Бублик Дубайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

66 рет
көрсетілді

Қазақтанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv.kz арнасына сілтеме жасап.

Иржи Лехечкамен (#36) өткен ойын барысында теннисші жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Бұл кезде 6:4, 4:1 есебімен Қазақстан теннисшісі алда тұр еді. Осылайша Бублик осы маусымдағы үшінші турнирдің жартылай финалында ойнайды.Ол финалдың жолдамасын Александр Андрей Рублевпен (#5) сарапқа салады. Екінші жартылай финалда Даниил Медведев (#4) пен Уго Умбер (#18) кездеседі.