• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Ақпан, 2024

XI Азия чемпионаты: Қоржында – 11 медаль

79 рет
көрсетілді

Су спорты түрлерінен Нью-Кларк-Сити (Филиппин) қаласында XI Азия чемпионатының бірінші күнінде жүзу және суға секіру сайыстары бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азия додасында 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынады: А тобы (18 жастан және жоғары), В тобы (15-17 жас), С тобы (14 жас және кіші). Жүзу, А тобы: Аделаида Пчелинцева, 100 метрге брасс әдісімен жүзу – алтын Ксения Игнатова, 50 метрге шалқалай жүзу – алтын Диана Тасжанова, 200 метрге еркін әдіспен жүзу – күміс, 800 метрге еркін жүзу – қола Әйелдер құрамасы (Аделаида Пчелинцева, Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу – күміс Жүзу, В тобы: Егор Попов, 50 метрге шалқалай жүзу – алтын Арсен Қожахметов, 100 м брасс – күміс София Абубакирова, 200 м кешенді жүзу – күміс, 50 м шалқалай жүзу – қола Ерлер құрамасы (Егор Попов, Егор Василенко, Алексей Крученко, Данил Черепанов), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу – күміс Суға секіру, А тобы:Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина, 3 метрлік тұғырдан синхронды секіру — күміс Жүзу жарысы 29 ақпанда, суға секіру сайысы 1 наурыз күні аяқталады.

2-6 наурыз аралығында көркем жүзу, наурыздың 3-9 аралығында су добынан жүлделер сарапқа салынады.