• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 26 Ақпан, 2024

Қазақстанда күн жылына бастайды

1923 рет
көрсетілді

Синоптиктер 27,28,29 ақпан күндері Қазақстанда ауа температурасы жоғарылап, күн жылына бастайтынын хабарлады. Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда атмосфералық фронттардың ықпалы болады, сондықтан қар түріндегі жауын-шашын түссе де, ауа температурасы төмендемейді. Аталған аймақтарда қар жауып, жел болады. Сондай-ақ республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінің таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын салдарынан көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін.

Елдің батысында жоғары қысым басым болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күндізгі температура 0-5 градусқа дейін жетеді.

Жалпы Қазақстан аумағынан аяз ығысып, сынап бағанасы - 6- 0 градусты көрсетеді.