• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Ақпан, 2024

15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

204 рет
көрсетілді

Павлодарда әйелін тұншықтырып өлтірген ер адам 15 жылдан кейін ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2009 жылы ер адам Павлодар полициясына зайыбының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Оның айтуынша, әйелі досына кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Жоғалған адам туралы хабар Қазақстан және көрші мемлекетте тарап, іздеу жұмыстары жүргізілген. Әйелдің мәйіті бір жылдан кейін көлден табылған.

Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растады, тергеу барысында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді, бірақ қылмысты ашу мүмкін болмаған еді. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында болды. Осы жылы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті. Ер адам жанжалдасқанда оны тұншықтырып өлтіргені анықталды, содан кейін ол мәйітті суға батырған.

– Оның ұзақ уақыт бойы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда болғаны анықталды. 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Қылмыскер Астанада ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қайта қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.