• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Ән 24 Ақпан, 2024

Димаш Құдайберген Стамбулдағы концертіне тегін барып-қайтатын билет береді

234 рет
көрсетілді

Димаш Құдайбергеннің 30 жылдық мерейтойына орай мамыр айының 24-і күні Түркияның Стамбұл қаласындағы әйгілі «Бешикташ» стадионында әлемдік аңыз әншінің жеке шығармашылық кеші өтеді. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында айтты, деп жазады Egemen.kz. 

Халық әртісі 26 ақпанда Стамбұлда өтетін баспасөз конферециясында «When i've got you» деп аталатын жаңа бейнебаяны назарға ұсынылатынын айтты.

Ал аталған клип режиссері Ғалым Асыловтың айтуынша, тегін билет бейнебаян туралы жазған үздік пікір иелеріне беріледі. Концерт билетін ұтып алған екі адамға қонақ үй, тамақ, ұшақпен барып-келу сомасы да берілетінін Ғ.Асылов қоса хабарлады.