• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Ақпан, 2024

Қазақстанға трансұлттық қылмыстық топтың жетекшісі экстрадицияланды

75 рет
көрсетілді

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің көмегімен Польша Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан топты құру және басқару үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украина азаматын экстрадициялады,  деп жазады Egemen.kz.

«Күдіктінің  2022 жылы құрған қылмыстық тобы Қазақстан аумағында аса ірі көлемде психотроптық заттарды өндірумен және сатумен айналысқан. Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі 1 тоннадан асады, ал олардың заңсыз айналымдағы жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды», делінген ақпаратта.

Аталған қылмыстарды жасағаннан кейін ұйымдасқан топ мүшелері ұсталды, ал оның жетекшісі жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланған еді.

2023 жылдың тамыз айында күдікті Польша мемлекетінің аумағында ұсталды.

ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол экстрадицияланып, қазіргі уақытта Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

«Айыпталушының мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазылған Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.